Аяз Атаның үйі

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Кітапханашы балаларды аппликация техникасымен таныстырды, қыс мезгілінде болатын ауа-райының өзгеруі туралы айтты. Балалар әр түрлі авторлардың жыл мезгілдері мен қыс туралы өлеңдерімен танысты. Бұл орыс ақындарының «Времена года», «Подарки Дедушки Мороза», және Гуриннің «Новогодний праздник», В. Степановтың «Новогодний концерт» өлеңдер жинағы және «Балдырған» журналының беттерінде шағын әңгімелер оқыды. Талқылаудан кейін балалар Аяз Ата үйін құру идеясын қолдануға негіз болды. Жұмыс барысында олар үйдің шаблонында мақтадан шатыр жасап, оны жарқын ойыншықтармен безендірді. Аяз Атаның үйі сиқырлы және ерекше болды. Іс-шара соңында дайын жұмыстар көрмесі рәсімделді.