Азат елдің ар намысы

Н. Островский атындағы Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері 2024 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №6697 бөлімінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Азат елдің ар намысы» атты патриоттық сағатын өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі бағыттары мен бөлімдеріне тоқталды. Қатысушылар назарына электронды презентация мен бейнероликтер көрсетіліп, «Заңдардың заңы» кітап көрмесіне шолу жасалды.
«Жұлдыз» домбыра студиясы қатысушыларының өнер көрсетуі және қазақстандық авторлардың патриоттық өлеңдерін оқуы көрермендерді шабыттандырды. Іс-шара «Атамекен» әнін орындаумен аяқталды.