«Бәріміз бірге оқимыз!»

Жыл сайынғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында екі талантты автор: прозашы Тәкен Әлімқұлов пен ақын Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын таңдап, оқуға ұсынылды. «Қонай» кітапхана-филиалында «Бәріміз бірге оқимыз!» атты кітап көрмесі рәсімделді.
Көрмеде Тәкен Әлімқұловтың шығармаларының көп томдық жинағы, оның ішінде «Тұлпардың тағдыры» хикаясы, сондай-ақ Жұмекен Нәжімединов туралы «Жұмекеннің жүрегі» атты естеліктер жинағы ұсынылған. Сонымен қатар, оқырмандар арасында «Ел таңдауы – Жұмекен мен Тәкен» тақырыптық мақалалары ұсынылды («Ана тілі». – 2025. – 9 қантар. – Б. 2), «Абай және Тәкен» К. Адезулы («Егемен Қазақстан». – 2024. – 8 тамыз. – Б. 9) және «Екі теңіз» Ж. Алиман («Егемен Қазақстан». – 2024. – 17 шілде. – Б. 9).