Бүкіл ел болып оқимыз

Жыл сайынғы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Қонай» кітапхана-филиалында «Бүкіл ел болып оқимыз» кітап визиткасы өткізілді. Кітапханашы Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» әңгімесін ұсынды. Әңгіменің басты кейіпкері Қожа екенін және автор жасөспірімнің ішкі жан дүниесін, көңіл-күйін шебер суреттегені туралы айтты. Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсіріліп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қатысушылар шығармадан үзінді оқыды.
Шара соңында балалар әңгіменің басты кейіпкерінің өміріндегі күлкілі сәттерді еске түсірді.