Бүкіл ел болып оқимыз

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Дружба» кітапхана-филиалында «Бүкіл ел болып оқимыз» атты әдеби визитка өтті. Кітапханашы жиналғандарға акция, оның тарихы, әр жылдары акцияға қандай кітаптар қатысқаны туралы айтып берді. Одан кейін 2024 жылы акцияға тандаған Бердібек Соқпақбаев туралы әңгіме өрбіді, оның «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» және т.б. кітаптарының тұсаукесері өтті.