Бүкіл ел оқиды

«Дружба» кітапхана-филиалында жыл сайынғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Бүкіл ел оқиды» әдеби визиткасы өтті. Кітапханашы тыңдаушыларға акция тарихын, әр жылдары қандай кітаптар акцияға қатысқанын айтып берді. Биыл оқу үшін жанр бойынша екі автор таңдалғанын атап өтті: проза – көрнекті жазушы, ақын, сыншы және аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары; поэзия – әйгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің 2025 жылы 90 жылдық мерейтойы атап өтілетін шығармалары.
Кітапхана қорынан авторлардың шығармалары ұсынылды.