Бұл жерде барлығына есік ашық

2024 жылғы 17 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК «Бұл жерде барлығына есік ашық» атты экскурсия үйымдастырылды. Іс-шараға Қостанай Жоғары медициналық колледжінің бірінші курс студенттері қатысты.
Шара барысында студенттер мекемені пайдалану ережелерімен және жұмыс режимімен танысты. Сондай-ақ кітапхананың ақпараттық ресурстары: кітап қоры, мерзімді басылымдар қоры, компьютерде жұмыс істеу мүмкіндігі егжей-тегжейлі ашылды. Кітапханашы көрмелерге шолу жасап, жастарға арналған «Тұмар» клубы, «Жас жалын» студиясы туралы айтып берді.
Экскурсия соңында студенттерге «Қостанай қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ақпараттық нұсқаулық, «Н. Островский атындағы ОКЖ-нің тарихы» буклеттері, «Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапхана әлеуметтік желілерде» атты бетбелгілер таратылды.