Ағымдағы жылдың 14 ақпанында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Оқимыз. Ойнаймыз. Білеміз» жобасы аясында № 25 НОМ 2 сынып оқушылары үшін «Бәрін білгім келеді!» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шарада оқушылар ақпараттық технологиялардың дамуына қарамастан, кітаптың адам өмірінде маңызды рөл атқаратынын білді. Балалар байқауларға, ертегі викторинасына белсенді қатысты. Кітапқа ұқыпты қарау туралы білімдерін көрсетті. Содан кейін олардың назарына белгілі қазақстандық балалар жазушыларының шығармалары ұсынылды. Іс-шара барысында балалар ұсынылған шығармалардан үзінділер оқыды.
