Б. Житковтың шығармалары бойынша дауыстап оқу

«Южный» кітапхана-филиалында «Друзья природы» үйірмесінің қатысушыларына арналған Борис Житковтың «Про слона», «Беспризорная кошка» шығармалары бойынша дауыстап оқулар өтті.
Іс-шараның басында кітапханашы балаларды тамаша балалар жазушысы Б. С. Житковтың шығармашылығымен таныстырды. Жас оқырмандар жазушының әлемнің көптеген елдерінде болғанын, таңғажайып адамдармен танысқанын және әртүрлі жануарларды көргенін білді. Ол көргендерінен алған әсерлерімен кітаптарының беттерінде бөлісті. Дауыстап оқығаннан кейін балаларға «Про слона» әңгімесінен дәйексөздерді аяқтау, «Беспризорная кошка» әңгімесі бойынша тест-викторинадан сұрақтарға жауап беру ұсынылды. Үйірме қатысушылары сұрақтарға белсенді жауап беріп, Б. Житковтың кітаптарымен танысты. Балаларға Борис Житковтың «Как я ловил человечков» әңгімесі негізінде анимациялық фильмді көру ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында көптеген балалар жазушының қызықты әңгімелерін оқыды.