Бақытты шанырақ – бақытты ел

«Южный» кітапхана-филиалында «Бақытты шанырақ – бақытты ел» тақырыптық сөресі безендірілген, онда атақты психологтардың бала тәрбиесі туралы кітаптары ұсынылған.
Стефани Штальдің «Ребенок в тебе должен обрести дом» кітабында автор күшті «Мен» үшін үш қадамдық бағдарламаны ұсынады, оның көмегімен балалық шақтың азабы мен реніштерін өткенге қалдыруға, теріс сенімдерді қайта қарастыруға және өзін шынымен еркін және бақытты адам ретінде сезінуге болады. Марк Уолинннің «Это началось не с тебя» кітабы – көптеген ұрпақтар отбасын мазалайтын қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беретін мүлдем жаңа тәсіл.
«Как сделать ребенка счастливым. Записки молодого папы» Олег Ленков баланың туылуына дайындалу және жаңа өмірге бейімделу, жеке өмірін, жұмысы мен тәрбиесін үйлестіру туралы жазбалармен бөліседі, әке болудың шынайы құндылығының себебін ашады. Танымал блогер, отбасылық психолог Виктория Дмитриеваның «Школа адекватных родителей» сериясынан «Это же подросток! Как жить и общаться с детьми, когда они взрослеют» кітабында жасөспірімнің ата-анасын не күтіп тұрғаны және олармен ортақ тіл табу неге соншалықты қиын екендігі туралы сұрақтарға жауап таба аласыз.
Оқырмандарды көрмеде ұсынылған осы және басқа да басылымдармен танысуға шақырамыз!