27 қыркүйек күні «Западный» кітапхана-филиалында Қарттар күні қарсаңында «Алтын жас» клубының мүшелері үшін «Бақыттың бір бөлігін сыйлаймын» атты әдеби-музыкалық композиция өткізілді. Кітапханашы қонақтарға жылы лебіздері мен тілектерін білдірді. № 6 мектеп оқушылары ата-әжелеріне арнап өлең оқып, ән орындап мерекелік көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ клуб мүшелері қызықты жарыстарға, ойындарға, викториналарға да белсене қатыстып, жастық шақтарын естеріне алды. Қонақтар мен кітапхана пайдаланушылары үшін «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты тақырыптық сөре әзірленді, онда кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптар мен денсаулық және демалыстың түрлері туралы мерзімді басылымдар ұсынылды.