Бақытты балалық шақ елінде

4 ақпанда «Жанұя «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы» КММ тәрбиеленушілеріне арналған «Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері орыс балалар ақыны және жазушысы Агния Бартоның туғанына 125 жыл толуына орай «Бақытты балалық шақ елінде» әдеби миксерін өткізді.
Іс-шара барысында балалар ақынның өмірі мен шығармашылығынан қызықты фактілерді білді, викторинаның қызықты сұрақтарына жауап берді, жұмбақтар шешті, оның өлеңдерін қуана оқыды. Әсіресе балаларға Агния Львовнаның өзі жиі ойнайтын «Мен бастаймын, ал сен жалғастырасың» ойыны ұнады. Балалар жазушының шығармашылығы туралы бейнеролик, «Снегирь», «Девочка-рёвушка», «Мы с Тамарой» мультфильмдерін үлкен қызығушылықпен тамашалады.
Іс-шара соңында балалар «Балаларға берілген талант!» тақырыптық сөреде ұсынылған кітаптармен танысты.
Іс-шара қызықты әрі танымды өтті. Өйткені, балалар өлеңдері өте әдемі, әсіресе егер бұл Агния Львовна Бартоның өлеңдері болса.