«Южный» кітапхана-филиалында «Бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыптық сөресі ұйымдастырылды, онда келесі кітаптар ұсынылған: Адель Фабер мен Элейн Мазлиштің «Идеальные родители» атты тәрбиелеу бойынша экспресс-курсы. Кітапта авторлар оқырмандарға дұрыс жауап беру тесттерін, балалармен қарым-қатынас дағдыларын нығайтуға арналған практикалық жаттығуларды, ата-аналардың өзекті сұрақтарына жауаптарды ұсынады. «Азбука финансовой грамотности» сериясындағы Бодо Шефердің «Кира и секрет бублика» кітабына жеке өсу және мінезді қалыптастыру ережелері туралы ерекше назар аударылады. «Секреты воспитания» сериясына Елена Алексееваның «У ребенка конфликты со сверстниками» және Наталья Алешинаның «Мамочкина работа» кітаптары кірді, онда авторлар ата-аналар мен мұғалімдерге балалардың психикасы мәселелерін шешу бойынша практикалық кеңестер береді. Осы кеңестерді қолдана отырып, оқырмандар ата-ана тәрбиесінде жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады. Психолог және философ Анатолий Некрасов «Счастье на ладони» сериясындағы «Пространство для любви и счастья» кітабында сіздің үйіңізді тірі етуге, оны жарық пен қуатқа толтыруға көмектесетін заманауи білімді жинады!
Барлық ниет білдірушілерді тақырыптық сөренің қызықты материалдарымен танысуға шақырамыз.