Балаларға арналған көңілді ойындар

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті.
Кітапханашы балаларға ашық ойындардың қызықты түрлері туралы айтып, кітаптардың материалдарын пайдалана отырып, ойындардың шарттарымен таныстырды: «Қазақ балаларының байырғы ойыны», Иіпұлы Т. «Ұмытпа, ұлылардың ұрпағысың», Сен білесің бе? «Казахские детские игры», Омарова Б. «Играйте на здоровье».
Іс-шара барысында оқушылар «Четыре явления», «Веселый круг», «Найди свое место», «Запомни слово» және т.б. көптеген ойын-сауық, ептілікті дамытатын ойындарда зор ынтамен және белсенділікпен ойнады.