Балалар әдебиетінің бәйтерегі – Сапарғали Бегалин

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі – Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі – Сапарғали Бегалин» атты ауызша журнал өткізілді. Іс-шараның қонақтары № 2 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушылары болды.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды жазушының өмірбаянымен таныстырып, шығармашылығы туралы қызықты деректермен бөлісті. С. Бегалиннің шығармашылығы жайында бейнеролик көрсетілді.
Іс-шара соңында кітапханашы арнайы дайындалған, жазушының шығармалары мен зерттеу еңбектері қамтылған «Шығармашылығы – ұрпаққа мұра» атты кітап көрмесімен таныстырды.