Балалардың да құқықтары бар

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері дайындаған кітапхананың жас оқырмандарына арналған «Балалардың да құқықтары бар» электронды ойыны қызықты өтті. Сюжет белгілі бір әлеуметтік құбылыстарды бейнелейтін танымал әдеби шығармалар – ертегілер мысалында: «Три поросёнка» – тұрғын үй құқығы, «Красная Шапочка», «Волк и семеро козлят» – өмір сүру құқығы, «Буратино» – білім алу құқығы, «Заюшкина избушка» – тұрғын үйге қолсұқпаушылық құқығы, «Золушка» – демалу құқығы, «Айболит» – медициналық көмек алу құқығы, жас оқырмандар балалардың негізгі құқықтары және бостандықтарымен танысты.
Іс-шара соңында балалар «Біз өз құқықтарымызды білгіміз келеді!» тақырыптық сөремен танысты.