Балалық балғын шақ

Балалар қорғау күніне орай «Киевский» кітапхана- филиалында 3-сынып оқушылары үшін «Балалық балғын шақ» атты ойын байқауы өткізілді. Балалар жарыстарға қуана қатысып, спорттық тапсырмаларды орындады. Шара соңында қорытынды шығарып, кітапхана қызметкерлері балаларға тәтті сыйлықтарды таратты.