26 мамырда «Дәрігер – балалардың жанашыры» бағыты аясында «Дорожный» кітапхана-филиалында «Солнышко» үйірмесінің қатысушылары үшін «Балалық шақ – бақытты уақыт» атты көңілді және танымдық балалар кеші өтті.
Кітапханашы балаларға жыл сайын 1 маусымда атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күнінің тарихы туралы айтып берді.
Іс-шараға №7 балабақшаның медбикесі қатысты. Ол салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы айтып, дәрумендерді қалай дұрыс қабылдау керектігін көрсетті.
Балалар Корней Чуковскийдің «Доктор Айболит» кітабымен танысты, содан кейін олар мультфильмді қызығушылықпен көрді.
Іс-шара салауатты өмір салты бойынша кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.
Балалық шақ – бақытты уақыт
