Балалық шақ – балдәурен

«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Балалық шақ – балдәурен» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Шара барысында балалар жұмбақтарды тауып, кітап, оқу туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді. Балалар сурет салып, тақырыптық сөренің материалдарымен танысып, викториналық сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар «Оқимыз, ойнаймыз, жазды пайдалы өткіземіз!» атты интеллектуалды ойынға қатысты.