«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Фантазия» клубының қатысушыларына «Балалық шақтағы сүйікті ертегілері» дауыстап оқу өткізді.
Шара барысында үйірме мүшелері кезек-кезек өздерінің сүйікті шығармаларын: Шарль Перроның «Қызыл телпек», Петр Ершовтың «Конек-горбунок», Валентин Берестовтың «Как хорошо уметь читать» шығармаларын дауыстап оқыды.
Соңында оқылғандар туралы диалог өтті, қатысушылар шығарманың негізгі идеясын, оның мәселесін анықтауға бағытталған сұрақтарға жауап берді, бұл балалардың шығарманы қаншалықты терең түсінгенін анықтауға мүмкіндік берді.
Балалық шақтағы сүйікті ертегілері
