«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 6 мектептің жазғы мектеп жанындағы лагерінің оқушыларына «Баланың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау» атты кітап шолуын өткізді.
Кітапханашы Бала құқықтары туралы Конвенциямен таныстырды, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңдарын ұсынды, «Правовая охрана детства», А. Толстойдың «Буратиноның шытырман оқиғалары», «Колобок» ертегісі, «Үш аю» кітаптарының қысқаша аннотациясын оқыды.
Балалар негізгі құқықтарды тізіп, нақты жағдайларды мысалдармен талдады. «Рұқсат етіледі – тыйым салынады» ойынына қатысты.
Баланың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау
