11 тамызда «Дорожный» кітапхана-филиалында аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай еске алу сабағы өтті. Іс-шара «Батырдың есімі мәңгілік» деген атпен өтті.
Іс-шара аясында кітапханашы оқырмандарды Бауыржан Момышұлының ерлігімен таныстырды. Сондай-ақ, атақты қолбасшының ерлігіне арналған «Батырдың есімі мәңгілік» атты тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалды.
Қатысушылар кітапхана қызметкерлеріне Ұлы Отан соғысының батырлары туралы естеліктерін сақтағаны үшін және Отан үшін күрескендердің өмірбаяны арқылы тарих беттеріне қайта қол тигізу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.
Батырдың есімі мәңгілік
