Бауыржан Момышұлы. Батырдың жолы

А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінің 2 курс студенттері үшін «Бауыржан Момышұлы. Батырдың жолы» деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. Фильм Кеңес Одағының Батыры, 1073-ші атқыштар полкінің командирі, қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлының батырлық жолы туралы баяндайды.
Кітапханашы ҰОС майдандарында көрсеткен батырлығы үшін КСРО жауынгерлік ордендерімен және медальдарымен Қазақстаннан жүздеген мың жауынгер марапатталғанын атап өтті.
Іс-шараға «Кітап бізге соғыс туралы естелік қалдырады» атты тақырыптық сөре рәсімделді. Сөреде Б. Момышұлының «За нами Москва», «Правда о войне», «Генерал Панфилов» және т. б. кітаптары ұсынылған.