Бейбітшілік, достық және жақсылық белгісімен

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Бейбітшілік, достық және жақсылық белгісімен» мерекесі өткізілді.
Кітапханашылар мерекемен құттықтап, мерекенің пайда болу тарихы, Қазақстанның көпұлттылығы, халықтар арасындағы достық туралы әңгімелеп, ұлы қазақ ақындарының поэтикалық шығармаларынан үзінділер оқыды.
«Арулар» би тобы қазақ және орыс билерін көрсетті.
Балалар халықтар достығына арналған өлеңдер оқып, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» викторинасына қатысып, түрлі халықтардың жұмбақтарын шешті.
Соңында кітапханашы «Бір шаңырақтың астында» кітап көрмесіне шолу жасады және «Ручеек» орыс ұлттық ойынын өткізді.