Бейнеролик трансляциясы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық пен мәдениетті қалыптастыру, алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында «Южный» кітапхана-филиалында оқырмандар үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Youtube-каналынан бейнероликтер көрсетілді.
Бейнематериалда адам қызметінің ерекшелігін ескере отырып, әртүрлі салаларда сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы ақпарат түсіндіріледі.
Көрсетілім барысында, егер адам сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайдағы іс-қимыл алгоритміне және тегін консультациялық көмек алу мүмкіндігіне Call-орталықтың 1424 нөмірі бойынша немесе @antikorkz_bot Telegram-ботына ерекше назар аударылды.