Білім күні – болашақтың есігі

«Южный» кітапханасы-филиалында М. Хакимжанова атындағы № 20 орта мектептің 4 «Б» сынып оқушылары үшін «Білім күні – болашақтың алтын қақпасы» атты экскурсия өткізілді.
Кітапхана қызметкері балаларды кітапхана бөлімдерімен, кітап көрмелерімен таныстырып, кітаппен жұмыс істеу ережелері мен кітапханадағы тәртіп туралы ақпарат берді. Кітаптардың оқу процесінде адал дос әрі көмекші екендігін еске салды.
Шара барысында жас оқырмандар «Мектепке өзіңмен не аласың?» тақырыбындағы қызықты викторинаға қатысып, ақылдыларға арналған өлеңмен жазылған кеңестермен танысты.