Білім күнін бізбен бірге тойлаңыз

«Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 4 «А» сынып оқушыларымен «Білім күнін бізбен бірге тойлаңыз» мерекелік іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды оқу жылдың алғашқы күнімен құттықтады. Балалар мектепке, білімге, кітапқа қатысты тақпақтар оқып, «Тапқыр болсаң шешіп көр» бөлімінде жұмбақтар шешіп, «Сөз ойла, тез ойла» бөлімінде сөздер құрап, «Кім шапшаң» бөлімінде мақал-мәтелдерді құрастырып, өз тапқырылықтарын, білімдерін көрсете білді.
Іс-шара соңында «1 қыркүйек – Білім күні» тақырыптық сөресіне шолу жасалды.