Бір өлең, бір әлем

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері МАТЛМИ «Озат» мектебінің оқушылары үшін «Бір өлең, бір әлем» атты кездесу өткізді. Іс-шараға белгілі ақын, драматург, сатирик, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша Гран-при иегері Абылай Мауданов шақырылды.
Кітапханашы ақынның өмірбаянына, жетістіктеріне тоқталып өтті. Ақынға оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өлеңдерін оқыды. Абылай Фазылұлы өзінің шығармашылығымен аудармаларымен жастарды толық таныстырып, туған елге, жерге арнап шығарған өз туындыларын жас оқырмандарға тарту етті.
Сонында «Озат» мектебінің оқушылары күй тартып, ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті.