Бір күні журнал патшалығында

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Бір күні журнал патшалығында» тақырыбында С. Мәуленов атындағы гимназияның 5-сынып оқушыларының қатысуымен ойын-полис өткізілді.
Кітапханашы қазақстандық журнал басылымдарымен таныстырып, ақпарат берді. Оқушылар қазақ тіліндегі басылымдардың бірі – «Балалар әлемі» журналының мазмұны бойынша қызықты тапсырмалар орындады. Алуан түрлі тақырыптағы жасырған сөздерді тауып, суреттердегі айырмашылықты іздеп, шытырман жолдарды сызды. Ойын-полис қатысушылардың көңілінен шықты.
Іс-шара соңында кітапханашы басқа да журнал басылымдары мен «Парақтаймыз, оқимыз…» атты көрмемен таныстырып, кітапхана ішінде экскурсия өткізді.