Бір шаңырақ астында

Рухани келісім күніне орай «Дружба» кітапхана-филиалының кітапханашысы «Дружба» жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушыларына «Бір шаңырақ астында» атты ақпараттық сағат өткізді.
Балалар бұл мерекенің шығу тарихы, толеранттылық деген не, Қазақстанда қандай этностар мен конфессиялар өмір сүретіні және олардың барлығы елімізде өздерін сенімді әрі жайлы сезінуі үшін мемлекет қандай саясат жүргізіп жатқаны туралы білді.
Шара соңында қатысушылар «Ұлттар» сөзжұмбақ шешіп, «достық», «бейбітшілік», «Отан» сөздерін түрлі тілдерге аударып, «Сөзден шыққан сөз» ойынына қатысты.