Бірінші мүсінші

16 қазан күні «Станционный» кітапхана-филиалында қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі, Қазақстанның халық суретшісі, Қостанай өңірінің дара тұлғасы Хәкімжан Есімханұлы Наурызбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Бірінші мүсінші» атты кеш-портрет өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандар мүсінші шығармашылығының қыр-сырымен танысып, оның қазақ мүсін өнеріне сіңірген өлшеусіз еңбегі туралы мол мағлұмат алды. Кеште Наурызбаевтың өмір жолына арналған деректер, оның сомдаған Абай, Жамбыл, Амангелді Иманов сынды тарихи тұлғалардың мүсіндері жайлы қызықты мәліметтер ұсынылды.
Осындай тағылымды кештер – жерлес тұлғаларымыздың рухани мұрасын ұрпақ санасына сіңірудің жарқын жолы.