Бірлік пен бейбітшілік рәміздері

«Дружба» кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» тақырыптық сөресі рәсімделді. Онда Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихы», О. Жанайдаровтың «Менің елім – Қазақстан», «Моя страна Казахстан», Е. Шаймерденұлы «Елтаным» энциклопедиялары, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерге арналған Б. Үсенбаевтың «Тәуелсіздік – деген не?», О. Асқардың «Балалар әлемі» және басқа да өлеңдері енгізілген жинақтары ұсынылған.
Барлық оқырмандарды тақырыптық сөре материалдарымен танысуға және республикамыздың мемлекеттік рәміздері туралы көбірек білуге шақырамыз!