Бірлік туын бірге көтерейік

Бірлік туын бірге көтерейік

Н. Островский ат. ОҚК 2024 жылдың 3 маусымында Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай «Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ қызметкерлеріне іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен ашылды.
Кітапханашы Мемлекеттік рәміздер тарихымен таныстыра отырып, «Рәміздер – рух асқақтығының белгісі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар оқырмандармен көңіл көтерерлік «Кім жылдам» атты сұрақ-жауап сайысы ойнатылды. Тәуелсіздік нышандарына арналған жыр жолдары оқылды. Іс-шараның нәтижесі қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, Қазақстанның рәміздері туралы білімдерін кенейту.