Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 9 ЖББМ 2 сынып оқушылары үшін «Біз – Қазақстан халқымыз» атты іс-шара өткізді. Шараға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тастурганова Айгүл Нұғманқызы қатысты.
Кітапханашы мерекенің маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар бір-бірін әр түрлі тілдерде қарсы алып, Дихан Әбілевтің «Туған тілім», Николай Доризоның «Кез-келген тіл өзінше керемет» ана тілі туралы өлеңдерін оқыды.
Сонында «Қазақстан халқының тілдері күні» атты бейнеролигі көрсетілді.