Біз қиындықтарға қарамастан алға ұмтыламыз

4 желтоқсанда «Дружба» кітапхана-филиалында Хабардарлық онкүндігі аясында «Біз қиындықтарға қарамастан алға ұмтыламыз» альманахы өтті.
Кітапханашы іс-шараға қатысушыларға Халықаралық мүгедектер күні туралы, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға төзімділік туралы, олар үшін қолжетімді орта құрылуы тиіс екендігі туралы айтып берді.
Тыңдаушылардың назарына ерекше қажеттіліктері бар адамдардың жетістіктері туралы мерзімді басылымдардан алынған мақалаларға шолу ұсынылды, сондай-ақ барлық адамдар өздерінің ерекшеліктеріне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болуы үшін мемлекет қандай қадамдар жасайтыны туралы айтылды.
Іс-шара «Мифтерді жою» интерактивімен аяқталды.