Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

Н. Островский атындағы ОҚК оқу залында «Парасат жолы» жобасы аясында, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты көрме ұйымдастырылды. Аталмыш көрме сыбайлас жемқорлық сынды әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілерімен таныстыруға арналған. Көрмеге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы», «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық» (мәні, мәселелері, алдын алу) кітаптары мен мерзімді басылымдары, Ж. Нұрғожаевтың «Парасат жолы» кітабы, Төлебаевтың «Ақиқат» республикалық қоғамдық-саяси журналында жарияланған «Жемқорлықпен күрес – мемлекет қауіпсіздігі» атты мақаласы, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» республикалық ақпараттық-насихаттық журналында жарияланған Е. Степаненконың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен тұлғаны дамытудағы отбасының рөлі» атты мақаласында автор «отбасы, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлу керек, өйткені оның санасы, құқықтық мәдениеті, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті осыған байланысты» делінген. Гогольдің «Мёртвые души» поэмасы, «Ревизор» комедиясы, А. С. Грибоедовтың «Горе от ума» сияқты көркем әдебиеттер де ұсынылған. Жазушылар өз шығармаларында оқырмандарға әсер етіп, осы мәселеге назар аударуға тырысады.