Н. Островский атындағы ОҚК оқу залында «Парасат жолы» жобасы аясында, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты көрме ұйымдастырылды. Аталмыш көрме сыбайлас жемқорлық сынды әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілерімен таныстыруға арналған.
Көрмеде келесі кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық (мәні, мәселелері, алдын алу)» ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы, Ж. Нұрғожаевтың «Парасат жолы» кітабы, Д. Төлебаевтың «Жемқорлықпен күрес – мемлекет қауіпсіздігі» мақаласы (Ақиқат. – 2023. – №8). Г. Салықтың «Искоренение коррупции – залог благополучия граждан» (Фемида. – 2022. – №12) мақаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қол жеткізілген нәтижелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың одан әрі бағдарлары туралы атап өтілген. Н. В. Гогольдің «Мёртвые души», «Ревизор» туындылары, А. С. Грибоедовтың «Горе от ума» пьесасы сияқты көркем әдебиеттер де ұсынылған. Жазушылар өз шығармаларында оқырмандарға әсер етіп, осы мәселеге назар аударуға тырысады.
