Н. Островский атыңдағы ОҚК «Парасат жолы» жобасы аясында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты кітап көрмесі ұсынылған. Көрме сыбайлас жемқорлық қызметі сияқты әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілеріне арналған.
Көрмеге Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Ж. Нұрғожаевтың «Парасат жолы», «Криминология» кітаптары, «Юридическая газетадағы» Б. Қожахметовтың «Механизмы противодействия коррупции», Л. Сақтағанованың «В борьбе с коррупцией» мақалалары қойылған.
Көркем әдебиет те ұсынылған: Н. В. Гогольдің «Өлі жандар» поэмасы, «Ревизор» комедиясы, А. С. Грибоедовтың «Ақылдан қайғы». Авторлар өз шығармаларында оқырмандарға әсер етіп, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселесіне назар аударады.
Біз жемқорлыққа қарсымыз
