«Парасат жолы» жобасы аясында Н. Островский ат. ОҚК «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты кітап көрмесі жұмыс істейді. Көрме сыбайлас жемқорлық қызметі сияқты әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілеріне арналған.
Көрмеге Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Ж. Нұрғожаевтың «Парасат жолы», «Криминология» кітаптары, «Qostanai tany» газетіндегі Б. О. Құлбаевтың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» мақаласы, «Юридическая газетінде» Ш. Әлімханның «Предупредить распространение коррупции» мақаласы, «Фемида» журналында – М. Қадырбаевтың «Вместе против коррупции» мақаласы ұсынылған.
Көркем әдебиет те ұсынылған: Н. В. Гогольдің «Мертвые души» поэмасы, «Ревизор» комедиясы, А. С. Грибоедовтың «Горе от ума». Авторлар өз шығармаларында оқырмандарға әсер етіп, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселесіне назар аударады.
Біз жемқорлыққа қарсымыз
