«Западный» кітапхана-филиалында «Біздің өлкеміздің атақты жерлестері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қостанайлық автор Серікбай Оспановтың «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» және «Жайсаңдар айтқан жарқын сөз» атты кітаптары, сондай-ақ оның «Күй аңыздар» өлеңдері («Мәдениет». – 2023. – № 7. – Б. 4-5) және «Өтежан жұмбағы» («Жұлдыз». – 2024. – № 7. – Б. 28-41) ұсынылды. Сәбит Досановтың өмірінің әртүрлі кезеңдерінде жазылған 12 томдық шығармалары ұсынылған. Көрмедегі оқырмандардың назары Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовке, мемлекет және қоғам қайраткері Кенжебек Укинге, сондай-ақ елдің дамуына зор үлес қосқан тарих ғылымдарының кандидаты Иван Кондратьевич Терновойға аударылды. Олар туралы ақпарат «Костанайцы – Герои Советского Союза», «Алтын дала», «Из истории города Костаная», «Костанайская область: прошлое и настоящее» және т.б. кітаптарда берілген.
