«Южный» кітапхана-филиалында № 19 жалпы орта білім беретін мектептің 5 сынып оқушыларына арналған «Біздің бірінші көмекшілеріміз: сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар» атты кітапханалық-библиографиялық сабақ өтті.
Балалар анықтамалық әдебиет түрлерімен – энциклопедиялармен, сөздіктермен, анықтамалықтармен танысты. Кітапханашы анықтамалық әдебиеттер арқылы көптеген сұрақтарға тез жауап табуға болатындығын айтты.
Іс-шара барысында балалар анықтамалық әдебиеттердің көмегімен қойылған сұрақтарға жауап іздеумен өз бетінше айналысты.
Тыңдаушылар басылымдарды ажырата білуді үйренді және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу оқуда үлкен көмек екенін түсінді.
Біздің алғашқы көмекшілеріміз: сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар