«Южный» кітапхана-филиалында М. Хакімжанова атындағы № 20 орта мектептің 5 «Ә» сынып оқушылары үшін «Біздің бірінші көмекшілеріміз: сөздіктер, энциклопедиялар, анықтамалықтар» атты кітапханалық-библиографиялық сабақ өткізілді.
Кітапханашы балаларды кітапхананың анықтамалық әдебиеттер қорымен таныстырды, сөздіктердің анықтамалықтардан қалай ерекшеленетінін және оларды қалай пайдалану керектігін айтты. Кітапхананың оқу залында балалар «Я познаю мир», «Все обо всем», «Детская энциклопедия. Динозавры», «Детская энциклопедия о вопросах и ответах», және т.б. түрлі энциклопедиялар сериясын көре алды.
В. И. Дальдың, С. И. Ожеговтың, Н. Д. Ушаковтың түсіндірме сөздіктерімен танысу балалар үшін қызықты болды. Көрмелерде ұсынылған «История мировой культуры», «Страны мира», «Биология», «Географические названия» ғылымның әртүрлі салаларына арналған анықтамалықтар балалардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Алған білімдерін бекіту үшін сөздіктер мен энциклопедиялар туралы блиц-сауалнама жүргізілді, балалар өздерінің сауаттылығын көрсете отырып, «Жетіспейтін әріптерді қойыңыз», «Сөздерге екпін қойыңыз» практикалық жұмысқа белсенді қатысты.
Соңында «Біздің көмекшілеріміз» кітап көрмесіне шолу жасалды.