Ағымдағы жылдың 7 ақпанында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында № 25 НБМ 5 сынып оқушыларына арналған «Біздің ата-бабаларымыздың тарихы» атты іс-шара өтті.
Іс-шарада балалар біздің облыста 38 қасиетті нысан бар екенін, оның 10-ы жалпыұлттық маңызы бар, ал қалған 28-і аймақтық маңызы бар екенін білді. Кітапханашы Торғай геоглифтері (Үштоғай квадраты, Торғай свастикасы), Қамысты бекіністі қонысы, Екідің діни ескерткіші, Жәуке Назарғұлұлы, Ыбырай Алтынсарин, Мыржақып Дулатов кесенелері және Амангелді Имановтың жерленген жері туралы айтып берді. Әңгіме презентациямен бірге жүрді. Іс-шараға «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты кітап көрмесі дайындалды.
