Біздің курс мызғымас, мақсат айқын

«Северный» кітапхана-филиалында ҚР Президентінің жыл сайынғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша «Біздің курс мызғымас, мақсат айқын» ақпарат сағаты өтті.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысы таяу жылға елдің даму векторын белгілеп, үкімет, министрліктер мен әкімдіктер үшін негізгі міндеттерді тұжырымдайтыны атап өтілді.
Тыңдаушылардың назарына Қ.-Ж. Тоқаевтың 2019 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі Қазақстан халқына Жолдауының салыстырмалы қатары ұсынылды және Президенттің қиын кезеңдегі Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өз миссиясы туралы сөздеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Жолдаудың барлық негізгі тезистері қаралып, талданды.
Іс-шара диалог алаңымен аяқталды, қатысушылар өткізілген іс-шара үшін өз тілектері мен алғыстарын білдірді.