Республика күнін мерекелеу аясында «Біздің Отанымыз бір!» атты диалог алаңы өтті. Оған «Шаңырақ», «Мугунхва», «Как молоды мы были», «Женщина Осень», «Казачья воля» клубтарының өкілдері қатысты.
Диалог барысында қатысушылар халықтар достығы қазақстандықтардың жүрегіне қалай сіңгенін және бүгінгі күні бір отбасы болып өмір сүріп жатқанымызды талқылады. Олар достық пен ұлттық бірлікті сақтауға, өзара сенімді сақтауға, әрбір азаматтың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге шақырды.
Шара соңында клуб қатысушылары домбыраның сүйемелдеуімен қазақ және орыс тілдерінде музыкалық нөмірлер орындап, қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтауға қатысты.
Біздің Отанымыз бір!