Біздің рәміздеріміз – біздің мақтанышымыз

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы, Тәуелсіздіктің тірегі.
4 маусымда елімізде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтіледі, осы мерекеге арналған «Дружба» кітапхана-филиалының кітапханашысы «Біздің рәміздеріміз – біздің мақтанышымыз» атты викторина өткізді.
Іс-шараның басында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды, жүргізуші балаларға мереке, оның тарихы, Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы, авторлары туралы айтып берді. Қатысушылар назарына викторина өткізіліп, О. Жанайдаровтың «Менің Қазақстаным» кітабы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» жинағы және басқа да басылымдар ұсынылды.
Шара соңында барлығы шарларға Қазақстанға деген тілектерін жазды.