Шара «Жұлдыз» домбыра студиясы қатысушыларының орындауымен басталды. Кітапхана қызметкерлері жиналғандарға Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы айтып берді. Жиналғандар алдында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабы» сыйлығының лауреаты, № 1 мектеп-лицей директорының орынбасары Р. Ж. Мырзагалиев баяндама жасады.
Электронды презентация мен бейнероликтер көрсетілді. Әр ұлттың өкілдері: украиналық «Подруги» ән ансамблі, Розалина Коканова музыкалық нөмірлерді орындады. «Достық – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Мереке «Атамекен» әнін орындаумен аяқталды.
