«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері Ғафу Қайырбеков ат. № 9 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Болашаққа сенімді қараймыз» ашық трибунасын өткізді.
Кітапханашы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтінімен таныстырды.
Ең бастысы – Alatau City жобасын іске асыру, жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуы, табиғи ресурстарды, әсіресе суды үнемдеу, Қазақстанның импорттық өнімдерге тәуелділігін азайту.
Оқушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш жыл ішінде Қазақстанды толығымен цифрлық елге айналдыру жөніндегі ауқымды мақсаты туралы айтқанын атап өтті.
Болашаққа сенімді қараймыз
