Бос материалдан жасауды үйренеміз

«Строительный» кітапхана-филиалында 2024 жылдың 3 қазанында «Ластама, жарат!» қалалық конкурсы аясында «Бос материалдан жасауды үйренеміз!» атты шеберлік сыныбы өтті. Бұл шара «Островок приключений» үйірмесінің мүшелері үшін ұйымдастырылды.
Кездесуге қатысушылар, Костанай қаласындағы «Вдохновение» демалыс орталығы мен «Арман» мүгедектер қоғамының жастары, енді қажетсіз болған заттарға екінші өмір сыйлауды мақсат етті. Өздері қолмен ескі және қажетсіз заттарды дерлік жаңа, пайдалы әрі тартымды нәрселерге айналдырды! Олар «Ұлу» ойыны үшін қолда бар материалдардан бұйым жасады.
Ынтымақтастықтағы шығармашылық позитивті көңіл-күй қалыптастырады, көркемдік-эстетикалық дәмді, қиялды дамытады, қоршаған әлемге деген ұқыпты қарым-қатынасты тәрбиелейді және организмді сауықтырады.