14 қарашасында «Дорожный» кітапхана-филиалы «Ғажайып бөлме» үйірмесінің қатысушыларымен К. Чуковскийдің «Дәрігер Айболит» ертегісіне арналған кітапханалық сабақ өткізілді.
Кітапханашы балаларды қайырымды дәрігер туралы Корней Чуковскийдің көпшілікке танымал шығармасы – «Дәрігер Айболит» ертегісімен таныстырды. Ертегідегі бас кейіпкер Айболит барша жан-жануарлар, хайуанаттар мен құстарды емдеп, олардың құрметіне бөленгені және барлығына үнемі көмек қолын созып өмір сүру оның басты мақсаты болғаны жайлы айтып берді. Бұл туындыда нағыз дәрігердің қандай болу керегі айқын суреттеледі.
Іс-шара соңында балаларға «Дәрігер Айболит» мультфильмі көрсетілді.
Дәрігер Айболит